Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі Санжар Тоғайдың қатысуымен өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн-брифинг өтті. Брифинг барысында аудан әкімі жүзеге асырылатын жобалар туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Спикердің айтуынша, егер халықты жұмыспен қамту туралы айтатын болсақ, аудандағы жағдай өте тұрақты.
Биыл 800-ге жуық жұмыс орны ашылып, 600-ге жуық жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға жолданды.
«Биыл аудан аумағында шамамен жеті мың жұмыс орнын қамтамасыз етіп, 120-ға жуық жаңа жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Санжар Тоғай.
Аудан тұрғындарын жұмысқа орналастыру үшін барлық мемлекеттік бағдарламалардың әлеуеті пайдаланылады, оның ішінде «Еңбек», «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бастау Бизнес» және т.б. бар.
Наурызбай ауданының әкімі жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін жаңа денсаулық сақтау нысандарын салу туралы сөз ете отырып, халықты жұмыспен қамту тақырыбын жалғастырды.
Санжар Тоғайдың айтуынша, жаңадан салынған 4 емханамен қатар, Құрамыс шағын ауданында 500 орындық емхана, Ақжар шағын ауданында 200 орындық отбасылық-дәрігерлік амбулатория және мобильді амбулатория ашу жоспарлануда.
Аудан әкімі білім беру саласына да ерекше тоқталды. Сапалы білім беру және орын тапшылығын жою мақсатында оқу орындарында Қалқаман шағын ауданында 2 мектеп, Қарағайлы шағын ауданында бір мектеп, Қалқаман, Қарағайлы, Шұғыла шағын аудандарында 3 балабақша салу жұмыстары басталады.
«Әкімшілік кешен жанынан Таусамалы шағын ауданында инновациялық өнер орталығын, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған музыка мектебін, 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланып жатыр», — деп хабарлады Санжар Тоғай.
АНЫҚТАМА:
— Қалқаман шағын ауданында 1500 және 1800 орындық 2 мектептің құрылысы басталды, Ақжар шағын ауданындағы №186 мектепке жапсарлас құрылыс аяқталуда;
— Қарғалы және Ақжар шағын аудандарында 2 жекеменшік мектеп салынуда;
— Ақжар және Таусамалы шағын аудандарында 120 орындық 2 балабақшаның құрылысы аяқталуда;
— Ақжар шағын ауданында өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталу сатысында;
— №7 ҚКА қабылдау бөлімшесінің құрылысы жүргізілуде;
— 16 мекенжай бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы басталды.
ЖОСПАРЛАНҒАН ЖОБАЛАР:
— Шұғыла шағын ауданында 1200 орындық мектеп құрылысын бастау;
— Құрамыс шағын ауданында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын емхана салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу;
— Ақжар шағын ауданында отбасылық дәрігерлік амбулатория құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу;
— Құрамыс шағын ауданында 6,3 га жер учаскесінде мектеп пен балабақша салу;
— Шұғыла ш / а ауданы 3,9 га жер теліміндегі №15 мектеп-интернатын күрделі жөндеу және оны балабақша ретінде пайдалану, сондай-ақ жобаны қайта қолдана отырып мектеп салу;
— Ақжар шағын ауданында ауданы 0,5 га жер учаскесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған музыка мектебін салу;
— Модульдік дәрігерлік амбулатория ашу;
— Шұғыла шағын ауданында жасөспірімдердің бос уақытын өткізу орталығын ашу;
— Қалқаман шағын ауданында және Абай саяжайларында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған тегін үйірмелер ашу.