Алматы облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

19.11.2023 15:48

Жәрмеңкеде 40 астам өнім түрі ұсынылады

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Алматы облысы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі жалғасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

2023 жылғы 19 қарашада сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Алматы облысының 60 шаруа қожалығының қатысуымен екі күндік кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасады.

Жәрмеңкеде 40-тан астам өнім түрлері (ет, сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майы және т.б.) ұсынылады. Өнімнің жалпы көлемі – 150 тонна, оның ішінде ет – 25 тонна, жеміс-көкөніс – 100 тонна, сүт – 10 тонна, балық – 5 тонна, өзгелері - 10 тонна.

Өтетін орны: Шевченко көшесіндегі «Шоқан Уәлиханов» алаңы, Қонаев  көшесі мен Пушкин көшесінің арасы. Сонымен қатар, демалыс күнгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері қаланың мына аудандарында да өтеді:

1. Гоголь-Масанчи көшесі (Алмалы ауданы);

2. «Қазақфильм» шағын ауданы (Бостандық ауданы);

3. Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысы (Әуезов ауданы);

4. Меңдіқұлов көшесі мен Бектұров көшесінің қиылысы, Шевченко көшесі мен Қонаев көшесінің қиылысы (Медеу ауданы).

Оқи отырыңыз:  Алматыда ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер орнатылды