|
20.12.2023 | 15:41
1119

Алматының туристік әлеуеті шетелдік туроператорларға ұсынылды

Тур соңында 20-дан астам қазақстандық туроператордың қатысуымен В2В-конференция өтті

Алматының туристік әлеуеті шетелдік туроператорларға ұсынылды қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының халықаралық нарықтағы туристік әлеуетін дамыту шеңберінде Алматы қаласының Туризм басқармасы Қытай, Малайзия, Катар, Оман, Үндістан және БАӘ-ден келген туристік компаниялардың 40 өкілі үшін 5 күндік ақпараттық тур ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бағдарлама аясында шетелдік қонақтар Алматы және Алматы агломерациясының негізгі туристік нысандарына, оның ішінде «Шымбұлақ» тау курортына, Oi-Qaragai барлық маусымдық отбасылық тау курортына, Шарын шатқалына және басқа да маңызды орындарға барды, бұл оларға Алматының ерекшелігін жеке бағалауға және мегаполисті тартымды туристік бағыт ретінде ілгерілету үшін әлемдік аудиториямен өз әсерін бөлісуге мүмкіндік берді.

«Біз білетіндей, Алматы-Қазақстан үшін негізгі туристік дестинация ретінде және әрбір екінші шетелдік турист елімізбен бірегей пейзажы мен тарихы бар Алматыдан таныса бастайды. Біздің федерация ҚХР Бас жаңалықтар бюросымен бірлесіп, Алматы қаласындағы ҚХР Бас Консулдығының қолдауымен туризмді дамыту бағытында ынтымақтасады. Осыған байланысты Қазақстан бағытында туризмді дамытуға қатысты бірқатар бағдарламалар шығарылатын болады», – деді Қытай жұмысшылар кәсіподағының туроператоры Ян Шо.

Тур соңында 20-дан астам қазақстандық туроператордың қатысуымен В2В-конференция өтті. Кездесу қорытындысы бойынша 4000-нан астам туристі әкелуді көздейтін ынтымақтастық туралы 14 жаңа келісімге қол қойылды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. Сарапшылардың болжамы бойынша, 2024 жылы Алматы қаласында шетелдік туристер саны 520 мың адамға жетеді деп күтілуде.

Анықтама:

2023 жылы шетелдік туристер саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір өсті. Мәселен, 2023 жылдың 10 айында Қытайдан келген туристер саны 10 121-ден 50 731 адамға дейін (5 есеге көбейді), Малайзиядан 498-ден 1600 адамға дейін (3,2 есеге көбейді), Катардан 293-тен 598 адамға дейін (2 есеге көбейді), Оманнан 1131-ден 7056 адамға дейін өсті (6,2 есе өсті), Үндістаннан 17 833-тен 49 885 адамға дейін (2,8 есе өсті), БАӘ-ден 3 983-тен 6 487 адамға дейін (1,6 есе ) өсті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир