Алматы әкімі Б. Сағынтаев студенттік жатақханаларды салу жөнінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала әкімі жұмыс сапары кезінде Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының көпсалалы кешенінде болды.
Мегаполис әкімі Instagram-дағы өзінің парақшасында қаладағы жоғары оқу орындарының студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту бойынша жатақханалар салып жатқанын айтты. Бұла – Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасындағы» негізгі міндеттің бірі.
«Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында ашылғалы жатқан көпсалалы кешенде болдым. 100 студентке арналған орын, оқытушыларға арналған бөлмелер, сондай-ақ тұрмысқа қажет асхана, кір жуатын орын, кітапхана, медпункт, интернет-сыныптар қарастырылған», – деп жазды Б. Сағынтаев.
Соңғы екі жылда жоғары оқу орындары 1,5 мың орынға жуық 5 жатақхана салды және модернизацияланды. Осы жылы 1,7 мың студентке арналған тағы екі ғимараттың құрылысы басталды.
«Алматы – жастар қаласы. Сондықтан білім алып жүрген жастардың өмір сүру мен тұрмыс жағдайын жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыра береміз», – деп атап өтті Алматы әкімі.