|
19.05.2022 | 19:18
3611

Алматыдағы Төле би көшесі ұзартылып жатыр – Ерболат Досаев

Ақжар шағынауданындағы 89 көшеге жол төсеу жұмыстары басталды

Алматыдағы Төле би көшесі ұзартылып жатыр – Ерболат Досаев ашық дереккөз

Биыл сәуір айында Ақжар шағынауданындағы 89 көшеге 45 км жол төсеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Бұл туралы Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев атап өтті. Қала әкімінің айтуынша, Шұғыла және Тастыбұлақ шағынауданында 14,5 км жолды жөндеу  жоспарланған.

«Абай даңғылын ауданның әкімшілік орталығынан қала шекарасына дейін 600 метрге ұзарту жұмыстары жалғасады. 73 жер учаскесін сатып алу қажет, қазірдің өзінде 41 учаске сатып алынды, қалғандары 2023 жылдың соңына дейін құрылыс барысында алынады», – деді Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев.

Қазір Төле би көшесі ұзартылып жатыр. Биыл Алматы қаласының әкімдігі инженерлік коммуникацияларды қайта орнатып, «Алма Сити» тұрғын үй кешенінің жанынан жол төсеу жұмыстарын жүргізеді.

«Осы жылдың соңына дейін Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қаланың шетіне дейін ұзарту жобасы аяқталады. Осы аталған жобаларды орындау көлік ағымын азайтады және Наурызбай ауданының мегаполистің іскерлік орталығымен көліктік қатынасын қамтамасыз етеді, 95 объект бойынша жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару процедуралары жүргізілетін болады», – деді Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир