Баум тоғайы тірі организм іспетті: санитарлық күтімді қажет етеді

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ағаштарды кесу 2021 жылғы санитарлық жоспар бойынша жүргізілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК аға ғылыми қызметкері Светлана Набиева Баум тоғайында жүргізілген ғылыми зерттеулердің қорытындысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

2021 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында Ботаника және фитоинтродукция институтының қызметкерлері 20 экспедициялық сапар жасады. 

«Баум тоғайы» мемлекеттік табиғи паркінің аумағы зерттелді. Жоғары сатыдағы өсімдіктерден басқа балдың 46 түрі, зиянкестің 15 түрі (еменде, қарағашта, теректе өрмекші кенелердің, талдың бойында зиянды жәндіктердің, және т.б. бар екені анықталды), сондай-ақ ағаштарға зиян келтіретіндердің 60 түрі, олардың көпшілігі патогенді және паразиттік болып табылады. Ауру тудырып, ағаштар жояды. Ең қауіпті зиянкестер әлсіз өсімдіктерге қонып, емен мен үйеңкіні, теректі, өрікті біртіндеп шірітеді.

- Баум тоғайындағы ағаштардың арасында ортаға зиянды ағаштар бар. Олар желдің әсерінен кез келген уақытта құлап кетуі мүмкін.  Ауруға ұшыраған ағаштар шіріп, кеуіп кетеді. Шекті жасына жеткен ағаштар да апатты болады. Баум тоғайы  тірі организм  іспетті, оның жетілуі,  қартаю кезеңі болады.  Өткен ғасырдың 60-70 жылдарында отырғызылған  қарағаштар, күміс үйеңкілер, басқа да  ағаш түрлері қазіргі кезде шекті жастарына жетті. Тіпті олар  біртіндеп жарамсыз болуда, - деп түсіндірді Светлана Набиева.

Сөзінің соңын қорытындылаған сарапшы Баум тоғайын сақтау мәселесіне ұлттық саябақтар мен қорықтардағы табиғатты қорғау тұрғысынан қарауға болмайтынын атап өтті. Өйткені  тоғай ең алдымен қалалық инфрақұрылым объектісі, демек ол үнемі назар аударуды, күтімді және дамуды қажет етеді.

Оқи отырыңыз: Полиорталықты дамыту моделінің кезеңділігі қандай

Новости партнеров