Алмалы ауданындағы жаңа Оқушылар үйіне екі есе көп балалар мен жасөспірімдер бара алады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жамбыл көшесі, 170а үй мен Байзақов көшесінің бұрышындағы мекенжайда орналасқан №2 Оқушылар үйі 1951 жылы салынған әрі моральдық және техникалық жағынан ескі, оқушыларға қосымша білім беру қызметтерін ұсынудың заманауи талаптарына сай емес.
Осыған байланысты, «Svoi Dom» ЖШС (құрылыс салушы - «Акбарис Construction» ЖШС) компаниясы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында өз қаражаты есебінен жаңа заманауи Оқушылар үйін салу жөніндегі жобаны іске асыруды бастады.
Компания 1951 жылы салынған ескі екі қабатты ғимаратты бұзуға кірісті, жалпы ауданы 1415,5 ш.м. сыйымдылығы 1350 адам, мұнда 2023-2024 оқу жылында 1896 оқушы білім алды.
Оқушылардың жаңа үйі сол учаскеде салынады, екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 2047 шаршы метрді, жертөле - 410 шаршы метрді құрайды. Мұнда тиісінше шығармашылықпен айналыса алатын 6-18 жас аралығындағы балалар саны қазіргі 1350 адамнан 3500 бала мен жасөспірімге дейін артады. Бұл ретте өрт, сейсмикалық қауіпсіздік, бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыру және мобильділігі төмен балалар мен жасөспірімдер үшін қолжетімділік талаптары ескерілетін болады.
Оқушылардың жаңа үйін жабдықтау балалар шығармашылық орталықтарының заманауи талаптарына сай жүргзіледі.
Робототехника, ІТ, хореография, сурет салу, шығармашылықтың басқа түрлері бойынша үйірме жұмыстарына арналған жайлы кабинеттер, сондай-ақ мектеп сыныптарында ойын алаңдары, амфитеатр және бассейн қарастырылған.
Аумақ абаттандырылып, көгалдандырылады, спорт алаңы қарастырылады. Жобаны іске асыру мерзімі - 2025 жылғы қаңтар.
Оқи отырыңыз: Алматы Жазы аясында жол инфрақұрылымы нысандары тазартылады