Алматыға Павлодар облысынан жеңілдетілген бағамен картоп жеткізіледі

astrobl.ru
astrobl.ru
Алдын ала деректер бойынша, 6 мың тоннадан астам картоп сатып алу қарастырылып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру үшін кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Өңіраралық кооперация шеңберінде, Павлодар облысына сапар барысында картоп жеткізу туралы келісімдерге қол жеткізілді. Қазіргі уақытта тауар өндірушілермен әлеуметтік маңызы бар өнімнің көлемі мен белгіленген бағасы туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдын ала деректер бойынша 6 мың тоннадан астам картоп сатып алу құны 150 тг/кг жеткізу туралы қарастырылып отыр. Картоп жеңілдетілген бағамен "Small" және "Тоймарт" сауда желілерінде, сондай-ақ қаланың әлеуметтік дүкендерінде сатылады. Бұған дейін Алматы және Жамбыл облыстарынан "Small" және "Тоймарт" сауда желілеріне 1,5 мың тонна пияз ("Чаншанло" ЖК 500 тонна) тікелей жеткізу ұйымдастырылған болатын, мұнда сөредегі баға 69-74 тг/кг құрайды.

2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2,5 млрд теңгеге "форвардтық" сатып алу шеңберінде "Магнум" сауда желісінде 22 мың тонна өнімді (картоп – 10 мың тонна, сәбіз – 4,2 мың тонна, пияз – 4,7 мың тонна, қырыққабат – 3 мың тонна) сату көзделіп отыр . Сату төмендетілген бағамен жүзеге асырылады (9 ай ішінде, 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың мамырына дейін). Мысалы, қазіргі уақытта сөрелердегі бағалар: картопқа – 102 теңге, сәбізге – 114 теңге, пиязға – 92 теңге, қырыққабатқа – 91 теңге, бұл орташа нарықтық бағадан 5-35%-ға төмен.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасын тұрақтандырудың тиімді шараларының бірі - кәсіпкерлік субъектілеріне қаланың сауда желілерінің сөрелерінде бағаны белгілеу үшін жеңілдетілген қарыздар беру, сондай-ақ өндірушілердің сату бағаларын тіркеу. Осылайша, "Magnum Cash & Carry" сауда желісіне жеңілдікті қарыз беру есебінен нарыққа әсер ету үлесі 40% келісімшарт жасалды. Осылайша, "Magnum Cash & Carry" сауда желісінің 54 филиалында ӘМАТ-тың 12 атауы (1-сұрыпты ұн, қарақұмық, күріш, макарон, күнбағыс және сары май, тауық еті, сиыр еті, сүт, айран, сүзбе, қант) 2021 жылдың соңына дейін тіркелген, төмендетілген бағамен сатылады. Алматыдағы "Тоймарт" сауда желісі ӘМАТ-тың 10 түрін (1-сұрыпты ұн, формалы нан, күріш, макарон, күнбағыс және сары май, тауық еті, айран, сүзбе, тұз) 6 ай ішінде (2021 жылғы 1 қарашадан бастап 2022 жылғы 30 сәуірге дейін) азық-түлікті төмендетілген бөлшек бағамен сатады.

Бүгінгі таңда осыған ұқсас берілген "айналымдағы" қарыздар тамақ өнімдерін өндірушілерден сату бағаларын бекітуге мүмкіндік береді. Мысалы, 2021 жылғы желтоқсанға дейін қарыз есебінен берілген "Ақсай "ХБК" ЖШС-да нанның сатылу бағасы 75 тг деңгейінде тіркеледі. "Ақсайнан" зауытының жеткізілімдерімен барлық сауда желілері, 3 мыңнан астам "үй жанындағы дүкендері" және азық-түлік базарлары (дистрибьюторлар арқылы) қамтылған, бұл халықты бірыңғай бағамен әлеуметтік нанмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Айта кету керек, бұл Қазақстан бойынша нанға тіркелген ең төмен баға.

Осы бағдарлама аясында "Asyl Meat" ЖШС өндіруші 2022 жылғы 1 маусымға дейін 2050 тг/кг белгіленген баға бойынша 6 фирмалық дүкенде 90,4 тонна сиыр етін (жауырын-төс бөлігі) сатады, бұл орташа бағадан 364 теңгеге төмен.

2024 жылдың ақпан айына дейін қаланың сауда объектілеріне 1 санаттағы 49,6 млн дана жұмыртқаны (бекітілген сатылу бағасы – 400 тг/10 дана) жеткізуге "Алсад Қазақстан" ЖШС-не қарыз берілді. Қазіргі уақытта "Магнум" сауда желісінің барлық 54 дүкеніне және "Small" желісінің 19 дүкеніне жеткізу жүргізіліп жатыр. Сөредегі бекітілген баға 440 тг/10 дана, бұл орташа статистикалық көрсеткіштен 15%-ға төмен. Қаланың барлық ірі желілеріне жеткізілімдерді қамтуды ұлғайту талқыланып жатыр.

Новости партнеров