10 ақпанда сағат 11:00-де Түрксіб ауданы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі өтеді
Almaty.tv
Әкімнің есеп беру кездесуін «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыз
Жаңалықтармен бөлісіңіз
10 ақпан сағат 11:00-де «Алматы» телеарнасында Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаровтың халыққа есеп беру кездесуі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты іс-шара видеоконференция режимінде болады. Аудан тұрғындары өзінің сауалдары мен талап-тілегін алдын ала WhatsApp номеріне 8 747 875 37 66 жазып, 8 727 223 11 21 нөміріне хабарласа алады.
Сонымен қатар «Алматы» телеарнасының әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы да сұрақ жолдай аласыздар.
Есеп беру кездесуін «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінен, онлайн режимде Almaty.tv сайтынан және әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары – YouTube, Facebook-тан көре аласыздар.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
02.10.2026 10:15
Алматы Жапонияның туристік нарығымен ынтымақтастықты кеңейтіп келеді
01.10.2026 10:55