2024 жылғы 9 қыркүйек пен 20 қыркүйек аралығында Алматы қаласының барлық ауданында жөндеуден кейін жылу желілерін гидравликалық сынақтан өткізу жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС сілтеме жасап.
Бұл күндері, күн сайын таңғы сағат 04:00-ден 07:00-ге дейін магистральдық және тарату құбырлары тексерілетін кезде, мегаполис тұрғындары мен қонақтарына аса сақ болып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береміз!
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, төтенше жағдайлардың тууы ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды: судың жер бетіне жетуі, жол жабынының жартылай опырылуы және т.б.
Мұндай жағдайларда өз бетіңізше әрекет жасамаңыз, оқиға туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), байланыс орталығы: 341- телефондары арқылы хабарлаңыз. 341-07-00 немесе 341-07-77 (ішкі нөмір 1011 немесе 1014) арқылы хабарлап, сондай-ақ 109-ға хабарлап, оқиға орнынан дереу кетіп қалыңыз.
Жылу желілерін сынау кестесі:
9 қыркүйек
Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова.
9-13 қыркүйек аралығында
Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев – Мәметова – Уәлиханов;
Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин – Рысқұлов – Жәңгілдин – Райымбек – Құратов – Гоголь.
10 қыркүйек
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Тимирязев – Шағабутдинов – Розыбакиев;
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Өтепов – Розыбакиев – Байзақов.
10 және 11 қыркүйек
Әуезов, Наурызбай және Алмалы аудандары: Абай – Райымбек – Яссауи – Гайдар.
10-20 қыркүйек аралығында
Бостандық ауданы: Асқаров - Мирас шағынауданы – «Алматы» шипажайы - Сайын - Әл-Фараби - "Қазақфильм" шағынауданы - Рысқұлбеков - Каблуков - Басенов - Өтепов - Розыбакиев - Жароков - Алмагүл шағын ауданы - Ходжанов - ҚазҰУ - Тимирязев – Назарбаев;
Лисянский – Розыбакиев – Жароков – Эксперименттік база – Ходжанов – Әл-Фараби – Алмагүл шағын ауданы;
Орбита-1,2,3,4 шағынаудандары – Сайын – Рысқұлбеков – Розыбакиев – Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков – Басенов;
Медеу ауданы: Тайманов – Чайкина – Достық – Меңдіқұлов – Әл-Фараби – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – Ішкі істер министрлігінің шипажайы.
11 қыркүйек
Наурызбай ауданы: Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда.
12 қыркүйек
Наурызбай ауданы: Жобаланған (аумақ) – Айтбаев – Райымбек – Алтын Алаш;
Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр – Жандосов – Варламов – Айманов.
12 және 13 қыркүйек
Әуезов, Наурызбай және Бостандық аудандары: Төле би – Сәтбаев – Әшімов – Ислам Каримов.
13 қыркүйек
Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Фариза Оңғарсынова – Зерделі шағынауданы.
16 қыркүйек
Алатау ауданы: Аққайнар кенті – Мәмбетов – БАК-тың оңтүстік жағы;
Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродский – Рысқұлов – Сейфуллин.
16-20 қыркүйек аралығында
Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би – Панфилов – Шевченко – Желтоқсан – Сәтбаев – Байтұрсынов;
Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев – Есентай өзені – Гоголь;
Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Қорған – Сәтбаев – Чайковский.
17 және 18 қыркүйек
Әуезов және Алмалы аудандары: Рысқұлбеков – Үлкен Алматы өзені – Сайын – Қуанышбаев.
18 қыркүйек
Алатау ауданы: Райымбек – Отырар көш. – Рысқұлов – Н.Данченко;
Алмалы ауданы: Шокин - Емцов - Қарасай батыр - Райымбек.
18 және 19 қыркүйек
Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Сайын – Сәдуақасов.
20 қыркүйек
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Мақатаев – Розыбакиев – Шәріпов.
Аталған аумақтардың шеңберінде тұратын барлық тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.
Қалалық жылу беру кешенін алдағы жылу маусымына дайындау шеңберінде жылу желілерінің, олардың жабдықтарының жағдайын тексеру және құбырлардың проблемалық аймақтарын анықтау үшін аталған гидравликалық сынақтар жүргізіледі.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Оқи отырыңыз: Алматыда «Медеу» БТСК-не барар жолдың бір бөлігі түнде жөндеуге жабылады