|
05.09.2024 | 16:15
45

Ұстаздар әулеті: ата жолын қуған отбасындағы келіндер де мектепте қызмет етеді

Мариямкүл Есентаева 40 жыл бойы білім беру саласында елеулі еңбек етіп, зейнетке шыққан

Ұстаздар әулеті: ата жолын қуған отбасындағы келіндер де мектепте қызмет етеді Almaty.tv

Алматыдағы бір әулетте 10 шақты келін ұстаздық қызмет атқарады. Олардың білім беру саласындағы жалпы өтілін қосар болса, 200 жылға жуықтайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ата жолын жалғап, ұстаздықты таңдаған Жанар Аманова – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Салада 30 жылдан астам қызмет етіп жүрген маман келін болып түскен әулетінде көбінің мұғалім екенін айтады. Алды зейнеттегі абысындары болса, қалғандары түрлі пәннен сабақ беретін ұлағатты ұстаз атанып жүр.

– Біреуі ағылшын тілінен сабақ береді. Мектепке келген кенже келініміз – бастауыш мұғалімі. Қазақ, орыс тілінің мамандары бар, Әулетімізде 7-8 мұғалім дәріс береді, – деді  № 137 Жалпы білім беретін мектептің мұғалімі жанар Аманова

Бастары қосылса, тұрмыс тіршілігінен бөлек ұстаздықты әңгімеге арқау ететін әулеттің кіші келіндерінің бірі енесі мен абысындарына қарап, мамандығын ауыстыруды шешкен. Бүгінде ол бастауыш сынып оқушыларына сабақ береді.

– Менің мамандығым –экономист. Осы отбасына келін боп түскеннен кейін, мамандығымды ауыстырдым, – деді № 137 Жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Назерке Айдарқызы

Мариямкүл Есентаева 40 жыл бойы білім беру саласында елеулі еңбек етіп, зейнетке шыққан. Ата жолын қуған ол «мұғалімнің мәртебесі қашан да биік» дейді.

– Келіндерім, немерелерім – мұғалім. Ағамның балалары – мұғалім. Әкем де  45 жыл білім беріп, зейнетке шығып, еңбегінің жемісін көрген. Мен – әкемнің жолын қуған баланың бірімін, – деді зейнеткер Мариямкүл Есентаева.  

Мариямкүл апай ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибесін басқалармен бөлісіп, бағыт-бағдар беруге әрқашан дайын екенін айтты. Мәртебелі мамандықты келешек ұрпақ та үздіксіз жалғастыра беретініне сенімді.

Жансая Олжабек, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Отбасы күні: Ширхановтар әулетінде бесінші ұрпақ сағат жөндеуді қолға алды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир