Алматы – біздің ортақ үйіміз: қала күнінде отбасылық фестиваль ұйымдастырылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Таңертең басталған мерекелік фестиваль кешкі 21:00-ге дейін жалғасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қала күнінде ұйымдастырылған іс-шараның бірі – балалар мен ересектерге арналған «Алматы – біздің ортақ үйіміз» отбасылық фестивалі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алып шаһар Алматының орталығында ұйымдастырылған отбасылық фестиваль барлық жастағы қала тұрғындарын қамтыған. Сахнада эстрада жұлдыздары өнер көрсетсе, одан бөлек алаң аумағында шаһар символына айналған алманың түр-түрі бейнеленген аумақтар мен суретке түсуге арналған аймақтар жасалған.  

Ал Абай алаңында түрлі арт-кеңістіктер мен инсталляциялар қойылған. Іс-шараны тамашалауға келіп жатқан қала тұрғындарының қарасы қалың. Арнайы аниматорлар қаланың кішкентай тұрғындарына шат-шадыман думан сыйлады.

– Отбасымызбен келдік. Керемет өтіп жатыр, – деді қала тұрғыны.

– Сүйікті қаламызды туған күнмен құттықтаймыз. Көңіл күй өте керемет. Балалармен бірге қаланы аралап, қыдыруға шықтық. Бәрі ұнап жатыр, – деді қала тұрғыны.

– Бішкектен Алматыға қала күніне арнайы келдік. Алматы – әдемі қала! – деді қонақ.  

Таңертең басталған мерекелік фестиваль кешкі 21:00-ге дейін жалғасады. Күні бойы алматылықтар концерт көріп, көше әртістерінің өнерін тамашалай алады.

– Бізде 65 ерікті қызмет атқарып жатыр. Олар – Алматы қаласының белсенді жастары. Қаланың дамуына үлес қосып жүрген жастардың арқасында керемет іс-шара өтіп жатыр, – деді ұйымдастырушы Шыңғыс Тілеулиев.

Көпшілікке Алматының жасыл қала ретінде танымал екені сөзсіз. «Алматы – біздің ортақ үйіміз» мерекелік фестивалінен кейін, еріктілер мен қала тұрғындары бас алаңды тазартуға атсалыспақ.

Жансая Олжабек, Ернат Болатбек, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Қуыршақ қалай жасалады: Мемлекеттік қуыршақ театры шеберлік сағат өткізді








Новости партнеров