Алматы қаласының әкімі
Бақытжан Сағынтаев Halyk Arena-дағы коронавирустық инфекциясы бар науқастарды
емдейтін аурухана ретінде жұмыс істеуге дайындық барысымен танысты, деп
хабарлайды Almaty.tv.
Қала әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында қаладағы инфекциялық және провизорлық ауруханаларға
қосымша орындар ұйымдастыру туралы жазды.
«Қаладағы жұқпалы
және провизорлық стационарлар үшін қосымша ашылуға тиіс орындардың ұйымдастыру
барысымен таныстым. Halyk Arena-да 1 мың орынға арналған, соның ішінде
реанимациялық 60 орын ашылады. Дайындық барысында санитарлық қауіпсіздіктің ең
қатаң талаптары ескерілуде. Таза және лас аймақтарға арналған шлюздер мен
туннельдер, желдету және зарарсыздандыру жүйелері орнатылды. Кезең-кезеңімен
медициналық жабдықтар орнатылады. Дәрігерлік бригадалар дайындалуда. Жақында
арада бұл жер алғашқы пациенттерді қабылдайды», – деп хабарлады Б. Сағынтаев.
Жақында Жарбосынов
атындағы урология ҰО-ы базасында 150 орынға арналған инфекциялық стационар
ашылатын болады. Бүгінде қоғамдық денсаулық басқармасы орналасқан ОҚК
корпусында қосымша орындар ашылады. Сондай-ақ жұқпалы аурулар ауруханасында да
қосымша орындар ашылу көзделген. Сондай-ақ №4 перзентхананың жаңа ғимаратын
пайдалануға беру тездетіледі. Психоневрологиялық орталықтың құрылысы аяқталуға
жақын. Бір айдан кейін бұл жер жұқпалы аурулар стационарына айналады. Осы
аралықта басқа да нысандар, соның ішінде қонақ үйлер, санаторийлер мен
жатақханалар дайын болады.
«Қабылданған
шаралардың арқасында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қажетті орындар
резерві құрылатын болады»,– деп Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев бүгінде Алматыда қауіпті індетті
жұқтырған науқастарды емдеу үшін 4669 орынға арналған 21 медициналық ұйым жұмыс
істейтінін тілге тиек етті
Посмотреть эту публикацию в Instagram
11.07.2020 Қаладағы жұқпалы және провизорлық стационарлар үшін қосымша ашылуға тиіс орындардың ұйымдастыру барысымен таныстым. Halyk Arena-да 1 мың орынға арналған, соның ішінде реанимациялық 60 орын ашылады. Дайындық барысында санитарлық қауіпсіздіктің ең қатаң талаптары ескерілуде. Таза және лас аймақтарға арналған шлюздер мен туннельдер, желдету және зарарсыздандыру жүйелері орнатылды. Кезең-кезеңімен медициналық жабдықтар орнатылады. Дәрігерлік бригадалар дайындалуда. Жақында арада бұл жер алғашқы пациенттерді қабылдайды. Жақында Жарбосынов атындағы урология ҰО-ы базасында 150 орынға арналған инфекциялық стационар ашамыз. Бұдан өзге ОҚК корпусында және жұқпалы аурулар ауруханасында қосымша орындар ашылады. Бүгінде қауіпті індетті жұқтырған науқастарды емдеу үшін 4669 орынға арналған 21 медициналық ұйым жұмыс істейді. Қабылданған шаралардың арқасында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қажетті орындар резерві құрылатын болады. —— Ознакомился с ходом организации дополнительных мест для инфекционных и провизорных стационаров в городе. На Halyk Arena будет развернуто 1 тыс. коек, в том числе 60 — реанимационных. При подготовке учтены самые строгие требования санитарной безопасности. Установлены шлюзы и туннели для чистых и грязных зон, системы вентиляции и обеззараживания. Поэтапно будет подключено медицинское оборудование. Подготовлены врачебные бригады. На днях здесь примут первых пациентов. В ближайшие дни откроем инфекционные стационары на базе НЦ урологии им. Джарбусынова на 150 мест. Кроме того, дополнительные места создадим в корпусе ЦГКБ, где сейчас размещено управление общественного здоровья, и инфекционной больнице. Ускорим процесс ввода в эксплуатацию нового здания роддома №4. Достраиваем здание психоневрологического центра, которое переделаем под инфекционный стационар через месяц. В эти же сроки подготовим другие объекты, в том числе гостиницы, санатории и общежития. На сегодняшний день для лечения пациентов с COVID-19 задействована 21 медорганизация на 4669 мест. Благодаря принимаемым мерам в соответствии с поручением Главы государства будет создан необходимый резерв мест.
Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)11 Июл 2020 в 2:49 PD