Алматыда үй жануарларын чиптеу бағдарламасы басталады

Almaty.tv
Almaty.tv
15000 үй жануарын чиптеу жоспарланған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылдың 30 желтоқсандағы №97-VII «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2024 жылы 1 маусымнан бастап Алматыда үй жануарларын (ит пен мысықты) тегін чиптеу бағдарламасы басталып, жыл соңына дейін жүргізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

15000 үй жануарын чиптеу жоспарланған.

Бұл қызмет Алматы қаласының тұрғындары үшін қолжетімді, оны мына ветеринарлық клиникаларда жасауға болады:

1. Allvet ветеринарлық клиникасы (Әуезов ауданы)

мекенжайы: Төле би көшесі, 279 Б тел: 8 (747) 438-38-87 whatsapp арқылы жазылу керек.

2. Mastino ветеринарлық клиникасы (Медеу ауданы)

мекенжайы: Есенберлин көшесі, 217 телефон: 8 (700) 327-44-89 whatsapp арқылы жазылу керек.  

3. Taugul Vet Boutique ветеринарлық клиникасы (Әуезов ауданы)

мекенжайы: Таугүл шағын ауданы 21 Тел: 8 (707)5413038, 8 (702)9457144 whatsapp арқылы жазылу керек.

4. «Хвостики» ветеринариялық клиникасы (Наурызбай ауданы) мекенжайы: Тастыбұлақ шағын ауданы, Жандосов 54, тел: 8(708) 983-43-13, 8 (727) 385-08-35.  

5. «Айболит» ветеринарлық клиникасы (Бостандық ауданы)

мекенжайы: ҚазҰАУ, Абай даңғылы, 26, тел: 8 (708) 972-02-07.  

6. Dog Premium ветеринарлық клиникасы (Түрксіб ауданы)

мекенжайы: Зимняя 1А, тел: 8 (707) 277-56-19.  

7. Dog Premium ветеринариялық клиникасы (Жетісу ауданы)

мекенжайы: Грибоедов 105, тел: 8 (707) 339-33-28.  

8. Banzai ветеринарлық клиникасы (Наурызбай ауданы)

Сейдімбек көшесі 26 А, тел: +7 707 327 01 01.

9. Ветстанция ветеринариялық клиникасы (Түрксіб ауданы)

мекенжайы: Сейфуллин даңғылы №49, тел: 8 (701) 757 77 27.

Ескертпе: ветеринариялық мамандар ит пен мысықты чиптеу үшін қосымша аулаларды аралайды.

Оқи отырыңыз: Таза қала: жастар бір айда 15 заңсыз қоқыс үйіндісін тапты

Новости партнеров