|
30.05.2024 | 14:47
219

Таза қала: жастар бір айда 15 заңсыз қоқыс үйіндісін тапты

Жас суретшілер туындысы арқылы қоршаған ортаны сақтаудың маңызын арттыра түспек

Таза қала: жастар бір айда 15 заңсыз қоқыс үйіндісін тапты Almaty.tv

Алматыда бір айдың ішінде 15 заңсыз қоқыс үйіндісі табылды. Бұл туралы «Kaz Eco Patrol» қоғамдық ұйымының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күн сайын күрделеніп бара жатқан мәселеге жастар да тартылмақ. Медеу аудандық комьюнити орталығының бастамасымен жас суретшілер туындысын паш ету арқылы қоршаған ортаны сақтаудың маңызын арттыра түспек. Осылайша олар қоғам назарын экологиялық проблемаларға бұруды көздейді. Жоба аясында тек көрме ғана емес, осы тақырыпта лекциялар да оқылады. Ұйымдастырушылар «өнердің қоршаған ортаны қорғауға ықпал ететін қуатты құрал екенін көрсету – міндет» дейді.

– Экологиялық мәселе көп болып жатыр. Жастардың экологияға деген көзқарасын қалыптасырып, сол мәселелердің шешу жолын қарастыру үшін жобаны қолға алдық, – деді Медеу ауданы комьюнити орталығының өкілі Нұрай Мырзалиева.

– Экологиялық сұрақтарды талқыладық. Оның шешімін табу үшін әкімшілікке жіберіп жатырмыз, – деді «Kaz Eco Patrol» қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары Әділ Нұрпейісов.

Оқи отырыңыз: Алматылық студент сиқырлы білезік ойлап тапты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир