|
31.12.2021 | 16:38
1392

Биыл Алатау ауданында көпбалалы 11 отбасы баспаналы болды

Сондай-ақ 44 ана гранттарға ие болып, өз кәсіптерін ашқан

Биыл Алатау ауданында көпбалалы 11 отбасы баспаналы болды Фото: ашық дереккөзден

Биыл Алматының Алатау ауданындағы көпбалалы 11 жанұя баспаналы болды. Одан бөлек, 44 ана грант ұтып алып, өз кәсіптерін ашты. Бұл туралы Алатау аудандық Бақытты отбасы орталығының қорытынды жиынында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ басқосуда биыл іске асқан өзге де игі істердің нәтижесі айтылып, келесі жылға жоспар құрылды. 

Айта кетсек, Алатау аудандық «Бақытты отбасы» орталығына 12 мыңға жуық әйел тіркелген екен. 

«44 әйел 5 миллионға дейін қайтарымсыз грант алды. Осылайша, өз кәсіптерін бастады. Одан кейін, ауданның кәсіпкер әйелдерін жинап «Анадан қасиет» деген ассоциация аштық. Ол арқылы да аналардың ілгері дамуына көмек береміз», – дейді Алатау аудандық «Бақытты отбасы» орталығының жетекшісі Ақмарал Басирова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир