Алматыда Сайран су қоймасының түбін тазарту жұмыстары басталды

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
35 жұмысшы айналдысады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасының эмамандары Сайран су қоймасының түбін тазарту жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Су қоймасының түбі мен жағалауын лайдан, қамыс пен қоқыстан  механикалық тазарту жүргізілуде. Бұрындары су қоймасының түбін тазарту  жұмыстары мүлдем жүргізілмеген.

Механикалық тазалау жобасы аясында тереңдету, еңістерді түзеу, батыс жағалауды реттеу, жағажайды тазалау мен сол жақ жағалаудағы пирсті жөндеу жұмыстары қарастырылған.

Механикалық тазарту жұмыстарын мамыр айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Су қоймасының түбін тазарту жұмыстарының жалпы аумағы 162 мың шаршы метр. Ал, тазарту жұмыстарымен 35 жұмысшы айналдысады.

2023 жылдың сәуір айында осыған ұқсас  тазарту жұмыстарын  Әуежай және Қарасу өзендерінде де жүргізу жоспарлануда.

Новости партнеров