|
22.10.2021 | 16:11
2833

Көпбалалы ана 2 млн теңге табыс тапқан: «Бақытты отбасы» орталығында шеберлік сағаты өтті

Аяулым Қойлыбаева табысын Жаңа жыл қарсаңында 10 миллион теңгеге дейін жеткізсем дейді

Көпбалалы ана 2 млн теңге табыс тапқан: «Бақытты отбасы» орталығында шеберлік сағаты өтті Almaty.tv

Медеу ауданында көпбалалы аналарды қолдау мақсатында «Бақытты отбасы» орталығында кезекті шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тәлімгер Аяулым ханымның сөзіне сенсек, 1 қыркүйек күні фудфлористика бизнесінен 2 миллионға дейін табыс тапқан. Ол табысын Жаңа жыл қарсаңында 10 миллион теңгеге дейін жеткізсем деп отыр.

Айта кету керек, қазіргі таңда жеміс-жидектерден дәмді букеттер жасау – қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі.  

«Тауарды ұсынбас бұрын біз зерттеу жұмыстарын жүргізіп аламыз. Фудфлористиканы таңдау себебіміз, қазір бұл бағыт трэндте болып тұр. Бұл нарық жақсы дамып, тұтынушылар көбейіп келе жатыр. Сондықтан бірден осы бағытты таңдап, аналарымызға ұсындық», – деді Медеу аудандық «Бақытты отбасы» орталығының жетекшісі Толқын Саметова.

«Бизнес ашу десе, Қазақстанда миллиондап ақша құю керек деп ойлайтын түсінік бар. Ал шындығында, бұл бизнесте миллиондаған ақшаның керегі жоқ. 10 мың теңгеңіз болса, жетеді. Ең бастысы, сізде үйренуге деген ынта мен еңбекқорлқ болса, бұл істі алып кете аласыз», – дейді кәсіпкер Аяулым Қойлыбаева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир