Түрксіб ауданының әкімі көпбалалы аналармен кездесті

Almaty.tv
Almaty.tv
Кездесуде көпбалалы аналар түрлі ұсыныс айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үй алу үшін кезекке тұру, жұмысқа орналасу, тегін емделу. Бұл Түрксіб ауданында тұратын көпбалалы аналарды алаңдатқан мәселелер. Бүгін «Бақытты отбасы» орталығында олар аудан әкімімен кездесіп, көкейдегі сауалдарына жауап алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесуде көпбалалы аналар үйді жекешелендіру, мектеп бағдарламасына отбасы тақырыбы сағатты енгізу тәрізді ұсыныстар айтты. Әр мәселе бойынша мүмкіндігінше кеңес берілді.

«Көп сұрақ көтерілді. Соның бірі тұрғын үй алу, денсаулық саласы бойынша, ЖОО-ға түсу сынды сұрақтар қойылды. Бізге қатысты мәселені міндетті түрде қарастыратын боламыз. Одан бөлек, қалалық басқармалармен бірігіп, сұрақтарды шешетін боламыз», – деді Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Ермек Әміров.

«Мына мен Түрксіб ауданында, Жас қанатта тұрамын. Мен тұрғын үй мәселесі жайында сұрақ қойдым. Балаларды оқуға түсіру, осы жердегі курстар, медицинаға қатысты сұрақтарыма жауап алдым. Бізге көмектесіп жатыр», – деді көпбалалы ана Қарлығаш Әбдіраева.

Новости партнеров