Алматыда тұмауға қарсы вакцинаның 430 мың дозасы сатып алынбақ

көрнекі сурет
көрнекі сурет
Вакцинация осы қыркүйек айында жеткізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматыға бюджеттен тұмауға қарсы вакцинаның 430 мың дозасы сатып алынбақ. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live  бағдарламасында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ, жіті респираторлық вирустық инфекцияға қарсы екпе «қауіп тобына» жататын азаматтарға тегін салынатын болады. Нақтылай кетсек, медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрған балалар және сәбилер үйлері мен балалар үйінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ, мүгедектер мен қарттар үйлерінде тұратындар, жүкті әйелдер тұрғылықты мекен-жайы бойынша аумақтық емханаларда дәрігердің нұсқауымен екпе жасата алмақ. Вакцинация осы қыркүйек айында жеткізіледі деп күтілуде. Бұл – коронавируспен ауру бойынша эпидемиологиялық жағдайдың алдын алу мақсатында жасалып отқан тиімді шара. Яғни, күз айларында вакцина жүргізу арқылы пациентте 1 жылға дейін тұмауға қарсы иммунитет қалыптасады.

«Жылдағы біздің өзіміздің мүмкіндігіміз 130 мың вакцина егу болатын. Біз сол 130 мыңға қазір қосымша 300 мың қосып отырмыз. Сонда, 430 мың. Жалпы сол тек қана әкімдігінің тарапынан тұрғындардың 20 пайызын қамту. Одан бөлек, көптеген кісілер жеке клиникалар арқылы өз бетінше ектіртіп жатады. Ал, біздің тарапымыздан болатын егу жұмыстарының барлығы бөліп-жаратын ешкім жоқ, бәріне тегін болады. Биыл біз бәрін тегін жасаймыз. Өйткені биылғы жылғы жағдай басқаша. Оған дайындық жұмысты қазірден бастау керек. Дұрыс көзқараспен қабылдау керек», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Новости партнеров