Алматыда мамандар көгілдір отын тегін тартылған үйлердің газ құбырын тексерді

Фото: ашық дереккөзден алынды
Фото: ашық дереккөзден алынды
Мақсат – Алматыны 100 пайыз көгілдір отынмен қамтамасыз ету
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда осы уақытқа дейін тегін газ тартылған үйлердің жағдайы тексерілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасымен 10 тамыздан бастап аз қамтылған отбасыларға тегін газ құбыры тартылған еді. Мақсат – Алматыны 100 пайыз көгілдір отынмен қамтамасыз ету. Бүгінде бір топ мамандар газ құбырының талапқа сай істеп тұрғанын тексеріп, көпбалалы аналарды көктем мерекесімен құттықтады.

«Көпбалалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін осы бағдарламаны жүзеге асырдық. Бүгінде 92 үй газ желісімен  қамтамасыз етілді», – деді қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының бас маманы Уәли Бекдос.

Ал осы бағдарламаға қатысқан тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға ризашылығын білдіріп отыр.

«Газ құбырын мамандар арнайы келіп істеп берді. Көп балалы аналарға мемлекет тарапынан жасаған жақсылықтарына алғысымды білдіремін. Әсіресе, қалтаға салмақ салмай, тегін газ жеткізіп бергендеріне ризамын», – деді қала тұрғыны Жамихан Искандирова.

Новости партнеров