|
28.12.2023 | 16:22
518

Жаңа жыл: Almaty Arena алдында қай күндері концерттік іс-шара өтеді

Алатау ауданында жасанды мұз айдыны жасалды

Жаңа жыл: Almaty Arena алдында қай күндері концерттік іс-шара өтеді Almaty.tv

Алматының 8 ауданында жаңажылдық іс-шара басталып кетті. Көпшілік жиналатын жерлерде сахна құрылып, концерттік бағдарлама ұсынылып жатыр. Мерекелеу 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Алатау ауданының Almaty Arena алдында дәстүр бойынша тұрғындар үшін жасанды мұз айдыны жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кіру тегін. Биіктігі 12 метрлік шырша да осында орналасқан. Аумақ қар тәріздес ойыншықтармен безендіріліп, жарық-шамдар қойылыпты.

– 2024 жылдан күтерім көп. Әсіресе қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық және де қаржылай өсуін күтемін, – деді қала тұрғыны Әсем Керімқұлова.

Алатау ауданында 350 бала қатысқан әкім шыршасы ұйымдастырылды. Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі балаларға кәсіпкерлердің қолдауымен жаңажылдық тәттілер берілді.

– Алатау ауданы әкімдігінің алаңы безендірілді. Қарасуда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында салынған саябақта шырша қойылды. Биыл Almaty Arena алдында 5 күн бойы концерттік іс-шара өтеді, – деді Алатау ауданы әкімінің орынбасары Бектас Сәбитов.

Оқи отырыңыз: Жаңа жыл: Алматыда 60-қа жуық шырша қойылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир