|
28.12.2023 | 17:01
415

Қазақ ертегілері серб тілінде жарық көрді

Тұсаукесер Белград қаласының балалар кітапханасында өтті

Қазақ ертегілері серб тілінде жарық көрді

Қазақ ертегілеріндегі әйгілі кейіпкерлердің басқа да шытырман оқиғалары енді кішкентай серб оқырманы мен олардың ата-анасына қолжетімді, деп хабаралайды almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақ халқының мәдени мұрасын ілгерілету мақсатында Қазақстанның Сербиядағы елшілігі серб тілінде қазақ ертегілерінің жинағын шығарды. Онда қарлығаш туралы аңыздар, жануарлар дауы, Қаңбақ шал туралы қиял-ғажайып әңгімелер және Алдар көсенің қулықтары және тағы басқа да қазақ ертегілері бар. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Кітаптың тұсаукесері Жаңа жыл қарсаңында Белград қаласының балалар кітапханасында өтті. Қазақстанның Сербиядағы елшісі Мәди Атамқұлов балаларға кітапты таныстырып, елімізге қатысты қызық фактілерді бөлісті. Кішкентай оқырмандарға бағалы сыйлықтар да табыс етілді.

Кітапхана қызметкерлері Қазақстан тарихы мен мәдениеті бойынша интерактивті викторина өткізді. Сонымен қатар олар балаларға кітаптан бірнеше қазақ халық ертегілерін оқып берді.

Жуырда қазақ ертегілері жинағының жүздеген данасы Сербияның кітапханалары мен мектептеріне ұсынылмақ.

Оқи отырыңыз: Жаңа жыл: Almaty Arena алдында қай күндері концерттік іс-шара өтеді


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир