«Халық қатысатын бюджет» қалалық бағдарламасына өтінімдерді қабылдау 9 қыркүйекте басталды. Бір апта ішінде budget.open-almaty.kz сайтына тұрғындардан 248 өтініш келіп түскен. 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 151 ұсыныс түскен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ең көп өтінім Алматы қаласының 159 жоба. Наурызбай ауданында берілген – Екінші орында Түрксіб ауданы – 26 ұсыныс.
Көбінесе қала тұрғындары балалар және спорт алаңдарын орнату және жөндеу, аулаларды жасылдандыру, сондай-ақ қоғамдық аумақтарды жарықтандыру жобаларын ұсынады.
2025 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша идеяларды іске асыру үшін биыл 25 қыркүйегіне дейін budget.open-almaty.kz порталына өтінім беру қажет. Барлық кәмелетке толған тұрғындар бюджет қаражаты есебінен қаланың аулаларын, көшелері мен аумақтарын абаттандыру бойынша ұсыныстар жасай алады.
Байқау 8 кезеңнен тұрады:
өтінімдерді қабылдау, сараптамалық бағалау, авторлардың жобаларды пысықтауы, пысықталған ұсыныстарды қарау, дауыс беру, дауыс беру қорытындыларын шығару, бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру, жобаларды іске асыру.
Өтініштерде жобаның атауы мен сипаттамасы, орналасқан жерінің мекен-жайы, болжалды фотосуреттер, сызба немесе эскиз, жобалық ұсыныстың сметасы болуы керек. Бір өтініш 92,3 млн теңгеден (25 мың АЕК) аспауы керек.
Жобалар келесі санаттар бойынша қабылданады:
жасылдандыру, тротуарларды жайластыру, тротуарларды, пандустарды, суару арықтарын салу және жөндеу, қоғамдық аумақтарды құру, жөндеу және жарықтандыру, бордюрлерді, брусчаткаларды, тірек қабырғаларды жөндеу, қоқыс алаңдарын жою, қоғамдық орындарда беседкаларды, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, балалар ойындары мен ересектердің демалуына арналған құрал-жабдықтарды жөндеу, аула аумақтарында және қоғамдық орындарда спорт алаңдарын, балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру, санитарлық тәртіпті қамтамасыз ету.
Ережелер туралы толығырақ budget.open-almaty.kz интернет-порталынан оқыңыз.
Оқи отырыңыз: Мегаполисте буллингпен күресуге қандай бағдарламалар бар