Ақтауда жанған қоқыс полигонындағы өрттен қауіп бар ма

Almaty.tv
Almaty.tv
Биыл Басқұдық ауылындағы қоқыс полигоны сегізінші рет өртенді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауды көк түтін басып, тұрғындар емін-еркін тыныс алудан қалды. Қаладағы бұл жағдай алдымен әлеуметтік желіде тарап, көптің талқысына түскен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бейнежазбалардан соң полигон басына барып, өрттің қай жерден шыққанын анықтаған қоғам белсенділері жергілікті биліктен тілсіз жауды тоқтатуды талап етті. Осыдан соң мән-жайды анықтаған Экология департаменті лас заттарды өңдеумен айналысып отырған кәсіпкерге қатысты әкімшілік жаза тағайындаған. Ал өрттің шығуына рекультивациялау жұмысының дұрыс жүргізілмеуі себеп екен.

Айта кетейік, Биыл Басқұдық ауылындағы қоқыс полигоны сегізінші рет өртенді.

– Полигонды сөндіру оңай емес. Әлеуметтік желіде ел «неге су құймайды?» деп сұрап жатыр. Су құя салса, сөнбейді. Ол жерді қопсытып, 12-13 метрге дейін ашып, жерге топырақ себу керек. Өрт сөндіру жұмысы әлі жалғасуда. «Оны сөндірдік» деп айта алмаймыз. Астынан келіп жатқан биогаз кез келген уақытта жанып кету мүмкін. Қауіп барын жасырмаймыз, – деді Маңғыстау облысы Экология департаментінің басшысы Армат Жүсіпқалиев.

Оқи отырыңыз: Жамбылда әкесінің көлігін рұқсатсыз мінген жасөспірім апатқа ұшырады

Новости партнеров