Биыл Алматының 42 жерасты және 49 жерүсті жаяу жүргіншілер өткеліне жөндеу жұмысы аяқталады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Бейбіт Шаханов жұмыс сапары барысында айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Алғашқы нысан Наурызбай ауданы №7 қалалық аурухананың алдындағы жерасты өткелі еді. Мұнда жөндеу жұмыстары осы жылдың қыркүйекте басталып, қазанның соңына дейін аяқталады. Сәндік плиткалар (керамогранит) қалпына келтіріліп, энергияны үнемдейтін шамдар қойылады, бейнебақылау камералары орнатылып, шатыр мен тактильді плиталарды ауыстыру көзделген. Аудан әкіміне сапасыз материалдарды пайдаланбауға жол бермеу тапсырылды.
- Алматы қаласы бойынша барлығы 74 жерүсті және 56 жерасты жаяу жүргіншілер өткелі бар. Биыл жаңғыртылып жатыр. Келесі жылы 5 жерүсті өткелінде құрылыс-монтаж жұмысы жоспарланған. Өткелдер антивандальды шамдармен, тактильді плиталармен және бейнекамералармен жабдықталады, - деді аппарат басшысы Бейбіт Шаханов.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы болуы үшін Рысқұлов даңғылы-Доспанов көшелерінің қиылысындағы жерүсті өткеліне жеделсаты орнатылады. Бұл екінші нысан еді. Күрделі жөндеу аясында қолданыстағы асфальтбетон жабындарын бөлшектеу, сәндік плиталар мен су бұру құрылғыларын қалпына келтіру, аралық құрылыстардың металл конструкцияларын, тіректерді, баспалдақ жиектерін сырлау, лифтілер мен көтергіштерді күрделі жөндеу, шатырды ауыстыру, іргелес аумақты абаттандыру жүргізілді. Бүгінде жөндеу жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар Райымбек даңғылының қиылысындағы Саин көшесі бойындағы жерүсті өткелінде күрделі жөндеу жүргізуге ЖСҚ әзірленіп жатыр. ЖСҚ-да асфальтты автоматты жылыту жүйесі бар плиталарға ауыстыру, шатыр мен лифт жабдығы элементтерін ауыстыру, жарықтандыруды жаңарту және бейнебақылау камераларын орнату көзделеді.
Бұған қоса, ерекше қажеттілігі бар адамдардың жайлы жүріп-тұруы үшін жаяу жүргіншілер өткелдерінде инклюзивті орта құру бойынша жұмыс жалғасып отыр. 74 жерүсті және 56 жерасты жаяу жүргіншілер өткелінде 87 бірлік лифт құрылыстары және 93 бірлік көтергіш платформалар бар, оның ішінде:
- 51 бірлік лифт құрылысы мен 33 бірлік көтергіш платформа жарамды, штаттық режимде жұмыс істейді;
- 34 бірлік лифт құрылысы мен 38 бірлік көтеру платформасы бойынша жұмыс биыл жыл соңына дейін аяқталады;
- қалған 2 бірлік лифт құрылысы жұмыс істемейді, Жетісу ауданының әкімдігі оны 2024 жылға жоспарлаған.
Оқи отырыңыз: Жыл соңына дейін Алматыдағы 34 лифт пен 38 көтергіш құрылғы жөнделеді