|
21.12.2023 | 16:42
955

Алматыда 2030 жылға дейін 2,5 миллионнан астам ағаш отырғызылады

Жасыл желекті күтіп ұстау және қорғау ережесі қабылданды

Алматыда 2030 жылға дейін 2,5 миллионнан астам ағаш отырғызылады Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының қала аумағында 2,5 млн ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында қалалық аумақтарды көгалдандыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Аlmaty.tv. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Алматы әкімі Ерболат Досаев журналистердің сұрақтарына жауап берді.

- Жыл басынан бері Алматыда жасыл желекті күтіп ұстау және қорғау ережесі қабылданды. Соған сәйкес көшеттердің биіктігі кемінде 2-2,5 м болуы тиіс. 1 көшет отырғызуға арналған бюджет 6 мың теңгеден 16 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл сомаға жасыл желекті сатып алу, отырғызу және сапалы күтім мен 3 жыл суаруды қамтамасыз ету кіреді, - деді Ерболат Досаев.

Суғару үшін 2022-2023 жылдары 34 су жинау құрылысы салынды (соның ішінде 29 ұңғыма мен 5 су жинау), тамшылатып суару жүйесі жүргізілді – 200 шақырымнан аса аумақ 500 мыңнан астам ағашты қамтиды.

Биыл Алматының көгалдандыру жоспары 320 мың екпені құрайды. Жалпы пайдалану аумақтарында барлығы 2,8 млн ағаш өседі, оның ішінде 79,6 мыңы – кесуге жататын апатты жағдайдағы ағаштар.

Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері қалада қанша қоғамдық көлік бағыты ашылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир