Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау қорытындысын шығарды және дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттық мандаттарды таратты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласы мәслихаты сайлауының қорытындысына сәйкес партиялық тізімдер бойынша дауыс мынадай болып бөлінді: сайлаушылардың 51,94 % «Amanat» партиясына дауыс берді, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 2,83 % дауысқа ие болды. «Respublica» партиясы сайлаушылардың 13,15 % дауысын алды, «Қазақстан халық» партиясы 13, 22%, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы 7, 97 % және «Ақ жол» партиясы 5,23 % дауыс алды.
Алматы қаласы Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықованың айтуынша, «Amanat» партиясы 12 депутаттық мандат алды, «Respublica» мен «Қазақстан халық» партиясы әрқайсысы 3 мандаттан алды. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы 2 мандат, Ал «Ақ жол» партиясы 1 мандатқа ие болды.
Бір мандатты округтер бойынша жеңіске жеткен депутаттар:
Әкім Тұрсынов;
Дастан Жантелиев;
Гүлжан Бекенова;
Анна Башинская;
Зәуреш Өмірбаева;
Бақытбек Жұмабаев;
Алтынай Көбеева;
Тимур Елеусізов;
Сергей Козлов;
Болат Ибрагимұлы;
Қайрат Бегалин;
Мұхтар Зулеев;
Ералы Сауранбаев;
Еркінбек Рахишев;
Мұрат Өтемісов;
Қарашаш Жузеева;
Әміржан Нәбиев;
Дулат Тастикеев;
Зия Талғатов;
Андрей Шин;
Дулат Рамазанов.