Алматыда Ten Qogam мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығының тағы бір филиалы ашылды

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Бүгінде 3600-ге жуық алматылықтар түрлі қызмет алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Ten Qogam мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығының тағы бір филиалы ашылды. Жаңа филиал Алатау ауданында, Талдыарал, 13 мекенжайы бойынша есігін айқара ашты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бастама Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша іске асырылды. Қазір қалада жеті филиал жұмыс жасайды, оның 5-і жыл басынан бері екі ай ішінде ашылды (қалған 2-і өткен жылы жұмысын бастады): Бостандық, Жетісу, Әуезов, Медеу және Алатау аудандары. Наурыз айының соңына дейін Ten Qogam орталықтары қаланың барлық ауданында қол жетімді болу үшін енді Түрксіб және Алмалы аудандарында филиал ашу жоспарлануда.

Орталықтың филиалдарында мүмкіндігі шектеулі алматылықтар түрлі мәселе бойынша кеңес ала алады, жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, оқытуға көмек алады, тағылымдамадан өтуге жолдама алады, психологиялық көмек алады және т.б тіл үйренуге, оқыту немесе біліктілік курстарына жазыла алады. Бүгінде Ten Qogam барлық филиалында 3600-ге жуық алматылықтар түрлі қызмет алады.

Тиімді жұмыс істеу үшін Орталықтар қоғамдық ұйымдармен шарт жасасады. Олардың қатарында Altyn time мүгедектер қоғамы ҚБ, "Үміт" саңырау мүгедектерді қолдау орталығы, "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы" ҚБ, Inclusion.kz мүгедектігі бар адамдардың заңды құқығы мен мүддесін қорғау үшін "Кедергісіз KZ" мүгедектігі бар адамдар қоғамы" ҚБ бар.

Новости партнеров