«Таза Қазақстан» республикалық акциясы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында цирк қызметкерлері Алматыны көркейтуге үлес қосты. Олар Қарағайлы орманына жаппай ағаш отырғызды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Біздің Алматы қаласы өзінің шығу тегі мен атауына сай алманың отаны. Көптеген әртүрлі ағаш өседі, оның ішінде алманың сан түрлі сорты мен түрі бар, әрине, соның бірі әйгілі апорт. Біз цирк қызметкерлері 8 сәуірден бастап қаламыздың барлық 8 ауданына ағаш отырғызуды бастадық. Бүгін үлкен оқиға. Талай көшет ектік, адамдар да көп келді. Біздің ортақ үйімізде - Алматыда өзімізді бір отбасы мүшесі ретінде сезіндік. Қаламыз одан сайын жасыл желекке бөленіп, әдемі бола берсін», - деді Қазмемцирк директорының орынбасары Нұрлан Алтаев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін «Алматы – бақ қала» акциясы барысында 8 мыңнан астам ағаш отырғызылды, оның 4 мыңнан астамы алма. «Қарағайлы орманы» саябағының аумағында 500 алма және өрік көшеті, «ALA» саябағының аумағында 2270 көшет және Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңында 1000-ға жуық көшет отырғызылды.
Оқи отырыңыз: Асылы Осман, қоғам қайраткері: «Таза Қазақстан» акциясы азаматтардың экологиялық мәдениетін дамытады