Жетісу ауданындағы Есентай өзенінің жағалауына саябақ салу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Қазіргі уақытта Көкмайса шағынауданындағы Есентай өзенінің жағалауына саябақ салу жұмыстары жүріп жатыр. 2022 жылдың 4 тоқсанында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Онда иттерді қыдыртатын алаң қарастырылатын болады. 2022 жылы Рысқұлов/Сүйінбай даңғылындағы көпірдің астынан жастар спорт паркін, Айнабұлақ-1 шағынауданындағы Есентай өзенінің бойында жастар паркін, Көкжиек шағынауданындағы М. Жұмабаев көшесінде жаяу жүргіншілер аймағының құрылысын бастау жоспарланған",- деді қала әкімі.
Сонымен қатар Кемел шағынауданында жағалауға саябақ салынады. Жұмыстар шамамен 2022 жылдың III-ші тоқсанында басталады.