|
25.08.2020 | 17:00
1553

Алматы қаласының үш ауданында су болмайды

Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті

Алматы қаласының үш ауданында су болмайды  siapress.ru

Алматы қаласының Медеу, Түрксіб, Жетісу ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті. 

«26 тамыз күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін Медеу ауданындағы Ахундов, Бейімбет, Бестужев, Блок, Гурилев, Қабілов, Қаратал, Клубная, Лисаковский, Менделеев, Набережный, Погодин, Полетаев, Рубцовский, Сазанов, Сарыбай, Сырдария, Таиров,Тәттібеков, Титов, Тюленина, Үштөбе, Халиулина, Чаплина, Щучинск, Екібастұз көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да нысандар суық судан ажыратылады»,– деп хабарлайды «Алматы су». 

Сонымен қатар, 27 тамыз күні Түрксіб ауданында орналасқан «Атырау–1», «Нұршашқан» шағынауданы, әуежай маңындағы үйлер мен Алматы облысына қарасты Бесағаш ауылында суық су болмайды. 

«27 тамызда сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Жетісу ауданында орналасқан «Айнабұлақ-4» ықшамауданың № 166, №194б тұрғын үйі мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру шектеледі»,– делінген хабарламада. 

Әлеуметтік нысандарға су тапсырыс бойынша сырттан жеткізілетін болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир