Алматының Әуезов ауданында «Үздік аула» байқауы өтті

almaty.tv
almaty.tv
Байқауға жалпы 19 пәтер иелері коопперативі мен 50 бақша иесі қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Әуезов ауданында «Үздік аула», «Үздік бағбаншы»,  «Үздік аула сыпырушы» байқауы өтті. Қатысушыларға дауыс беру әлеуметтік желі парақшасында өткен. Байқауға жалпы 19 пәтер иелері коопперативі мен 50 бақша иесі қатысты. Олардың арасынан үздік шыққан 9 тұрғынға Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов өз қолымен құттықтау қағазы мен тұрмыстық техника табыстады. Іс-шара аудан тұрғындарын аула ішілік аумақты көріктендіріп, тазалыққа шақыруға бағытталған, деп хабарлайды Almaty.tv.

«3 аула сыпырушы, 3 аула және 3 гүлбақша сол 9 номинациямен бүгін қатысты. Бірақ қалғандарында біз қалдырмаймыз. Қалған сый-марапаттарымызды еңбектерін елеп гүл шоқтарымен бірге», – деді Әуезов ауданының бас экологы Ғалия Төлегенова.

Ал, «Үздік бағбаншы» байқауында 12-шағынауданның тұрғыны Людмила Галаева жеңіске жетті. Ол өзі тұратын көпқабатты үйдің айналасын абаттандырып, жұпар иісі аңқыған гүл бағына айналдырған. Ауданның биылғы үздік бағбаншысы гүл өсіріп, баптауға бар ғұмырын арнағанын айтады. 

«Біз бұл іспен көп жылдан бері әуестеніп келеміз. Гүлдерді жалғыз өзім баптамаймын, маған көршілерім көмектеседі. Осылайша өзге алматылықтарға өмір сүріп жатқан ортамызға күтім жасап, құрметпен қараудың маңызын көрсеткіміз келді. Осы сүйікті ісіме бүкіл өмірімді арнадым десем болады», – деді «Үздік бағбаншы» номинациясының  I-орын иегері Людмила Галаева.

Новости партнеров