Алматы күні: Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовқа арналған концерт өтті
Almaty.tv
Оркестрге Шәмшінің ұлы Мұхтар Қалдаяқов дирижерлік етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматының туған күнінде қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовқа арналған концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жанды дауыста шырқалған әндерді Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының эстрадалық-симфониялық оркестрі сүйемелдеді. Кеште ххалықтың Шәмші әндерін сағынғаны байқалды. Оркестрге Шәмшінің ұлы Мұхтар Қалдаяқов дирижерлік етті.
«Алматылықтарды мерекемен құттықтаймын! Барлықтарыңызға береке,бірлік, бақыт, зор денсаулық тілеймін. Өте қуанып тұрмын. Өйткені Шәмші Қалдаяқовқа арналған концертте өнер көрсету мен үшін мәртебе. Ол кісінің шығармашылығы менің балалық бал дәурен шағымды, студент кезімді еске салады», – деді Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі Азамат Малышов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25