Алматыны жарықтандыруды модернизациялау: сот шешімімен бизнесмендер келіспеді

Unsplash
Unsplash

Іске тәуелсіз сарапшыларды тарту көзделеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімдігі құрамына ABM-vuilding 2007, "Электроремонт" ЖШС және "ABM-Project" ЖШС кіретін жеке серіктес-консорциумға қарсы екінші инстанциядағы сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Еске салсақ, 2023 жылдан бері Алматы әкімдігі мен жосықсыз жекеше әріптес арасындағы сот процестері жалғасуда.

Бұған дейін хабарланғандай, 2022 жылдың қазан айында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен "Алматы Қала Жарық" МКК үш компаниядан тұратын жеке әріптес – консорциуммен: "ABM-Vuilding 2007" ЖШС, "Электроремонт" ЖШС және "ABM-Project"ЖШС-мен шартты бұзу туралы талабы қанағаттандырылды.

Қараша айында жеке серіктес апелляциялық шағым түсірді. Қаңтар айында ұзақ уақытқа созылған  іске  нүкте қойылды. Алматы қалалық сотының сот алқасының 2024 жылғы 15 қаңтардағы қаулысымен жеке әріптестің апелляциялық шағымын қанағаттандырудан бас тартылды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 11 қазандағы МЖӘ шартын бұзу туралы АҚЖ талабы бойынша шешімі өзгеріссіз қалды.

Сот шешімінің қорытындысы бойынша энергетика және сумен жабдықтау басқармасының, "Алматы Қала Жарық" МКК өкілдерінен, жеке әріптесінен, МЖӘ объектілерінің жай-күйін қарау және оларды қала балансына беру үшін техникалық аудит және бағалау жөніндегі тәуелсіз сарапшылардан комиссия құрылуға тиіс.

Анықталған ескертулер бойынша жеке серіктес ақауларды жоюға міндетті. Алайда, соңғысы мемлекеттік серіктестің аудитке және сыртқы жарықтандыру объектілерін қала балансына беруге арналған барлық хаттарын елемеді.

- Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жақын арада құқықтық салада бағалау жүргізу және бар кемшіліктерді құжаттау үшін тәуелсіз сарапшыларды тарту үшін конкурс жариялау жоспарлануда. Сонда "Алматы Қала Жарық" МКК қалпына келтіру жұмыстарына толықтай қосыла алады. Қазір біз жекеше әріптес тарапынан қарсылық көріп отырмыз: консорциум ақауларды жоюды және шығындарды өтеуді қаламайды, - деп түсіндірді “Алматы Қала Жарық" МКК.

Еске салсақ, Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы, "Алматы Қала Жарық" және ABM-Vuilding 2007 ЖШС, "Электроремонт" ЖШС және ABM-Project ЖШС құрамындағы консорциум 2018 жылы "Алматы қаласының сыртқы жарықтандыруын модернизациялау" жобасы бойынша 27 млрд сомаға жуық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шартын жасасты, ол кейін жұмыс көлемінің өсуіне байланысты  43,6 млрд дейін өсті.

Шарт бойынша жеке серіктес 2019-2023 жылдар аралығында 12,5 млрд теңге инвестициялап, 44 мыңнан астам жарық нүктелерін модернизациялауы тиіс болатын. Жеке серіктес тек 13,5 мың жарық нүктесін жаңартты, яғни ол өз міндеттемелерін орындамады. Нәтижесінде, бизнесмендердің жауапсыздығы салдарынан қала жеткілікті түрде жарықтандырылмады.

- Бюджет қаржысы бөлінді. Жеке серіктес жабдықты қалпына келтіруі немесе алған ақшасын қайтаруы керек. Модернизациялау жобасы 5 жыл бұрын басталған болатын, әрине, аудит жүргізу үшін сарапшылардың кемінде 3-4 ай жұмыс жасауы қажет болады, - деп түсіндірді “Алматы Қала Жарық".

Оқи отырыңыз: Алматыда сейсмикалық жаттығу өтеді

Новости партнеров