|
23.12.2022 | 17:04
664

Алматының индустриялық аймағында биыл 6 жоба іске қосылды

Бұл жайында қала әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді

Алматының индустриялық аймағында биыл 6 жоба іске қосылды Almaty.tv

Алматының индустриялық аймағында биыл 9 миллиард теңгенің 6 жобасы іске қосылды. Бұл жайында қала әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол шаһарда шағын және орта өнеркәсіптік нысандарға арналған индустриалды парктер желісі белсенді дамып жатқанын атап өтті.

«2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 6,2%-ға дейін жетіп, өңірлер арасында көшбасшылық позицияны қамтамасыз етті. Өңдеуші өнеркәсіп еліміз бойынша өсу қарқыны жағынан 1-орынға ие бола отырып, өсу драйверіне айналды. Қала экономикасының ең ірі саласы сауда, көтерме сауданың 6,0%-ға өсуі есебінен 5,6%-ға дейін өсті», – деді  Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров.

Қала бюджетінің оң серпін беріп, тұрақты дамуында туризм саласының алар орны айрық. Оның ішінде өзге елден келетін саяхатшылардың қорға қосар үлесі көп. Ал мегаполисте пандемиядан кейін туристердің сарыны баяғы көрсеткіштерге қайта оралып келеді.

«Осы жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша шетелден келген туристер саны 2,8 есеге өсіп, 270 мыңнан аса адамға жетті. Ал ішкі туристер саны 1,4 есеге көтеріліп, 1 млн адамға дейін өсті», – деді Туризм басқармасының басшысы Сабина Аманкелді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир