Алматыда карантин кезінде кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетілді

atameken.kz
atameken.kz
Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі жолдауында мемлекеттік қолдаудың барлық құралдары бойынша несиелер 6%-дан берілетінін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда карантин кезінде кәсіпкерлерге  қандай қолдау көрсетілді? Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұған дейін кәсіпкерлер палатасы Алматы қаласы, Алмалы ауданының әкімдігімен бірлесіп, «Almaly» Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығын ашқан болатын. Аталған орталықта «Атамекен» ҰКП, «Almaty Finance» ЖШС, Qoldau, «Іскер ана» бағдарламасымен «Бақытты отбасы» орталықтарының мамандары қызмет көрсетеді.
«Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі жолдауында мемлекеттік қолдаудың барлық құралдары бойынша несиелер 6%-дан берілетінін айтты. «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында бұл жұмыс басталып кетті. Сондай-ақ, аймақтық бағдарламалар бар. Барлық осы бағдарламалар бойынша бүгінгі таңда кәсіпкерлер инвестициялық, айналым мақсаттарына орта есеппен 5 жылдан 10 жылға дейін қарыз ала алады», – деді Кәсіпкерлер палатасының директоры.
Сондай-ақ, ол кепілзаты жоқ кәсіпкерлер – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры желісі бойынша 85%-ға дейін кепілдендіру құралдарын пайдалана алатынын атап өтті.
«Қалада өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Qoldaý кәсіпкерлік орталығы бар. Алматы – бұл экономиканың локомотиві, бүкіл ел бизнесінің ¼ бөлігі осында шоғырланған», – деп қорытындылады Н. Әбілшайықов.
Орталық қызмет көрсетуге және халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарына бағытталған. Мұнда «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқу сыныбы да бар. Орталықта тұрғылықты жеріне қарамастан кез келген адам қызмет ала алады. «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының call-орталық нөмірі +7 (727) 225-1079

Новости партнеров