Алматыда электр скутерлерін, мотоциклдер мен мопедтерді қауіпсіз жүргізуге арналған жастар акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала әкімдігі мен Полиция департаменті мұрындық болған іс-шараға аумақтарды тұрақты дамыту қауымдығы қолдау көрсеткен. Оның аясында келушілерге тест-драйв шеберлік сағаттары сынды арнайы бағдарламалар қарастырылыпты.
«Осы жарты жыл ішінде Алматы қаласында 413 жол-көлік оқиғасы болды. Көбінесе жаяу жүргіншілерден осы самокат, мопед жүргіншілеріне көптеген шағым түсіп жатады», – деді қалалық ПД әкімшілік басқарма бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.
Сондай-ақ қатысушылар шерингтік компанияның өкілдерімен тілдесіп, заңнамамен танысты.
Айта кетейік, мегаполисте жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, зардаптардың ауырлығын азайтуға бағытталған жұмыстар күшейді.
«Мұндай іс-шаралардың маңызы зор. Себебі қалада тәртіпсіздік жиі байқалады. Көбісі құжатсыз жүреді. Сондықтан мен әр мопедті тіркеуге алудың маңызын жиі көтеріп келемін. Осындай түсіндірме жұмыстары да жүргізілуі керек. Әрі заңды мүмкіндігінше қатаңдатқан жөн», – деді Қазақстан байкерлер қауымдастығының президенті Дмитрий Петрухин.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында «Қымызмұрындық» фестивалі өтті