|
10.08.2024 | 17:24
4362

​Алматыда ONAY жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Холдинг мамандары жүйе жұмысын ретке келтіру бойынша жұмыс істеді

​Алматыда ONAY жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр Almaty.tv

Алматыда ONAY жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыдағы Көлік холдингінің хабарлауынша, DDOS шабуылынан туындаған ONAY мобильді қосымшасының кейбір сервистеріндегі шектеулер жойылғанын хабарлады.

"9 тамызда сағат 23:00-ден бастап Алматы Көлік холдингінің желілік ресурстарына бұрын-соңды болмаған DDOS шабуылы жасалды. Бұл ретте автобустардағы жабдық штаттық режимде жұмыс істеді. Жол ақысы көлік картасы, смс, ONAY мобильді қосымшасы арқылы төленді. Кейбір пайдаланушылар DDOS шабуылына байланысты мобильді қосымшаның кейбір қызметтерінде шектеу болуы ықтимал", - делінген хабарламада.

Холдинг мамандары жүйе жұмысын ретке келтіру бойынша жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта барлық байланыс сервисі мен арналары штаттық режимде жұмыс істейтінін атап өтті.

Көлік холдингінің мамандары жағдайды бақылауда ұстап, жедел режимде жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир