Алматыда қала күні қалай тойланады
Depositphotos.com
Мерекелік шаралар қаланың сегіз ауданында да ұйымдастырылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қала күніне арналған мерекелік шаралар 17 қыркүйекте Алматының сегіз ауданында да ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Концерттер, көрмелер және басқа да танымдық-ойын-сауық іс-шаралары келесі орындарда өтеді:
- Алатау ауданы – Атлеттер ауылы, сағат 11:00;
- Алмалы ауданы – Ганди паркі, сағат 11:00;
- Әуезов ауданы – Family Park, сағат 11:00;
- Бостандық ауданы – Mega Alma-Ata СОО, Розыбакиев, 247а, сағат 11:00;
- Жетісу ауданы – Гүлдер саябағы, сағат 11:00;
- Медеу ауданы – Ғылым Академиясы алдындағы алаң, сағат 12:00;
- Наурызбай ауданы – Шұғыла ш/а, 347/2, сағат 11:00;
- Түрксіб ауданы – Сейфуллин атындағы саябақ, сағат 11:00.
Еске салсақ, Қала күніне орай мерекелік шаралар 16-18 қыркүйек аралығында өтеді. Тұрғындар мен қонақтарды концерт, жәрмеңке, фестиваль және тағы басқа күтеді. Мерекелік іс-шаралар бірден мына жерлерде өтеді: Тұңғыш Президент саябағы, Абай алаңы, Панфилов және Жібек Жолы көшелері, Абай атындағы ҚазҰОБТ алдындағы алаң, Астана алаңы және "Алматы Арена" мұз сарайы.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52