|
22.07.2023 | 17:27
2633

Алматының кей ауласында торлы контейнерлер пайда болды

Ол пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкаларды жинауға арналған

Алматының кей ауласында торлы контейнерлер пайда болды Алматы қаласы әкімдігінен

«Жасыл аула» жобасы Алматы қаласының Алмалы ауданында бастау алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі таңда бес негізгі аулаға қайта өңделген материалдарды бөлек жинауға арналған жаңартылған торлар (пластикалық бөтелкеге арналған бөлек тор және тек алюминий банкаға арналған бөлек тор) қойылды.

«Жасыл аула» жобасының мақсаты - қалдықтарды бөлек жинау, экологиялық мәдениетті сақтау және тұрғындармен белсенді байланыс орнату.

Жоба Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының және «Жасыл Алматы» жобалық кеңсесінің бастамасымен Алматы қаласын дамытудың Жол картасы аясында жүзеге асты. Жобаға «EN Social» қоғамдық қоры және ECO Network қолдау көрсетті.

Жоба аясында қамтылған аулалардың мекенжайлары:

- Құрманғазы көшесі, 58;

- Желтоқсан көшесі, 166;

- Чайковский көшесі, 25;

- Мақатаев көшесі, 130;

- Шагабутдинов көшесі, 45.

«Егер осы аумақтарда тұрсаңыз, біздің жобамызды пайдаланғаныңызға қуаныштымыз», - деді «Жасыл Алматы» экология бағыты бойынша жобалық кеңсенің басшысы Евгений Мұхамеджанов.

Оның айтуынша, мұндай торлы контейнерлер бұрын қоқыс алаңдарына қойылған. 

«Өкінішке қарай, олардың барлығы қоқыс алаңына айналды, тұрғындар басқа заттарды да тастаған. Өйткені адамдарға бұл контейнерлердің не үшін қажет екенін ешкім түсіндірген жоқ. Енді біз бұл жобаны қайтадан қолға алып жатырмыз және контейнерлер не үшін арналғаны туралы ақпарат орнаттық. Алматылықтарды пластикке арналған контейнерге тек пластикалық бөтелкелерді, ал басқа контейнерге - энергетикалық және басқа да сусындардан қалайы банкаларды салуға шақырамыз», - деді Евгений Мұхамеджанов.

Ол Түркістанда пластикалық бөтелкелер қайта өңделетінін айтты. Содан олар мәйкі, кофта, жастық, ауыл шаруашылығы мен жол құрылысына арналған жабындар шығарады. Алюминий банкалар да қайта өңделеді. Мысалы, Қарағандыда осындай банкалардан қазандар шығаратын "Қазвторчермет" зауыты бар.

Қайта өңдеуге арналған контейнерлер уақыт өте келе мегаполистің басқа аудандарында да пайда болады, деп хабарлады Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесі.

Құрметті қала тұрғындары, сіз өзіңіздің аулаңызда осындай контейнер қойылғанын қаласаңыз, өтінімді мына нөмір бойынша қалдыра аласыз: +7 771 76 55 999 (WhatsApp).

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир