|
29.04.2023 | 16:59
2972

Жеңіс күні: Алматыда соғыс ардагерлеріне 1,5 миллион теңге төленеді

Қалада 58 соғыс ардагері бар

Жеңіс күні: Алматыда соғыс ардагерлеріне 1,5 миллион теңге төленеді Пресс-служба маслихата города Алматы

Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс III сессиясында ҰОС жеңістің 78 жылдығына орай біржолғы көмек көрсетуді депутаттар бірауыздан қолдады. Осылайша, барлық 58 алматылық соғыс ардагері 1,5 миллион теңге көлемінде ақшалай төлем алады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін Алматы қаласының әкімдігімен әрбір ардагерге бір миллион теңге көлемінде қаражат қарастырылған болатын. Мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың ұсынысы бойынша биыл Алматыдағы 58 соғыс ардагері 1,5 миллион теңге көлемінде ақшалай төлем алады.

Сондай-ақ, мерекеде 889,9 млн теңгеге ақшалай төлем Алматының 13 233 тұрғынына қарастырылғаны белгілі болды. Бұл Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген азаматтар, еңбек майданының қатысушылары, басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс ардагерлері, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушылары мен мүгедектерінің әйелдері, Ауғанстанда және басқа мемлекетте қаза тапқандардың отбасы..

• ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 1,5 млн. теңгеден

• ҰОС қатысушыларына теңестірілгендерге 100 мың теңгеден

• Еңбек майданына қатысушыларға 50 мың теңгеден

• Басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне 100 мың теңгеден

• ҰОС-да қайтыс болған қатысушылардың, мүгедектердің әйелдеріне 50 мың теңгеден

• Ауғанстанда және басқа мемлекетте қаза тапқандардың отбасына 100 мың теңгеден

Өз кезегінде, депутаттар ардагерлерді құттықтауға және оларға қосымша көмек көрсетуге қатысатынын жеткізді.

Оқи отырыңыз: Мамыр айында қазақстандықтар неше күн демалады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир