Алматы қаласы құрылысын бақылау басқармасы былтыр соттарға заң талаптар мен құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 174 талап-арыз жолдады. Оның 81-і қанағаттандырылды, 93-і қаралып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл ретте, 86 талап-арыз бұзуға жіберілді, 41 талап-арыз бойынша сот оң шешім шығарды, 45-і қаралып жатыр. Нұсқаманы орындауға 88 талап қойылды, оның ішінде сот 40 талап-арызды қанағаттандырды, қалғандары қаралуда. Соның нәтижесінде 22 нысан сүрілді.
Бақылау функциялары аясында 2023 жылы басқарма жоспардан тыс 1074 тексеру жүргізді, атап айтқанда, қала тұрғындарының өтініші негізінде 1140 заңбұзушылық анықталды. Заңбұзушылықтарды жоюға 634 нұсқама берілді. Сапасыз құрылыс және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырғаны үшін 68 ұйым жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, салынып жатқан нысандар бойынша толық әрі соңғы ақпарат алу үшін азаматтарға арнап 8-705-896-60-00 нөмірі бойынша анықтама желісі іске қосылды. 2023 жылы осы арна арқылы Алматы қаласы құрылысын бақылау басқармасына 3 мыңнан астам өтініш келіп түсті.
Оқи отырыңыз: Алматылықтар ЖКО-ны полиция және сотсыз рәсімдей алады