Алматыда Әлеуметтік қызметтер үйі ашылып, алғаш рет түрлі қызмет көрсетуші бірыңғай фронт-офиске біріктірілді, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы мегаполис әкімі Б. Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Алматы – барша халық үшін тең мүмкіндіктер қаласы. Осы қағидаға сәйкес қолдауға мұқтаж қала тұрғындары үшін бірыңғай қызмет көрсету орталығын – Әлеуметтік қызмет көрсету үйін аштық. Алғаш болып түрлі қызмет көрсетушіні бірыңғай фронт-офиске біріктірдік», – деп жазады әкім.
Жаңадан ашылған Әлеуметтік қызметтер үйінде әлеуметтік қолдау, тұрғын үй қатынасы мен жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша 776 қызмет түрі көрсетіледі.
«Мұнда әлеуметтік қолдау, тұрғын үй қатынасы мен жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша 776 қызмет түрі көрсетіледі. Мұндай кешенді тәсіл қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыратынына сенімдімін. Алдағы уақытта баршаға жайлы әрі ыңғайлы орта мен атмосфера құрамыз», – деді Сағынтаев.