Алматыны қалың қардан тазартуға коммуналдық қызметтен 436 бірлік техника мен 1125 жұмысшы жұмылдырылды. Қала бойынша жүріс-тұрысты қамтамасыз ету үшін Алматы қаласының коммуналдық қызметі күшейтілген режимге ауыстырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Таулы аймақтарда және жолдың қауіпті аумақтарында көктайғақтың алдын алу үшін көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. Дислокация орындарында 168 құм таратқыш кезекшілікке шықты. 436 бірлік арнайы техника мен 1125 жұмысшы жұмылдырылды.
154 бірлік шағын көлемді техниканың күшімен тротуарлар мен жалпы пайдаланылатын орындар механикаландырылған түрде тазаланып, қоғамдық көлік аялдамалары мен жер үсті өткелдерінде қар қолмен күреліп жатыр.
Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Үй ауласындағы қарды күреуде тұрғын үй инспекциясы тұрғын үй басқармасының барлық түріне мониторинг жүргізеді.
Оқи отырыңыз: Қар шығару мәселесі ерекше бақылауда - Алматы әкімі