Алматыда VII шақырылымдағы мәслихаттың бірінші сессиясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Стратегияға сәйкес «Шетcіз қала», «Ақылды» қала, «Тең мүмкіндіктер қаласы», «Қауіпсіз қала», «Жасыл қала», «Жаһандық іскерлік орталығы», «Мәдени креативті қала» тұжырымдамалары қаланы дамытудың негізгі бағыттары болып табылады.
Депутаттар осы мәселеге қатысты түсініктеме берді және алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.
«Ең басты міндет – жергілікті бюджет қаржысын тиімді пайдалану. Осынау аса маңызды іске Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев ерекше назар аударуда. Бірінші сессияда "Алматы-2025" даму бағдарламасы қаралды, енді қаланы дамыту стратегиясы аясында креативті индустрия мен креативті экономиканы дамытуға бетбұрыс жасау өте маңызды», – деп атап өтті Стратегиялық жоспарлау, бюджет және тиімділік жөніндегі комиссияның басшысы Асқар Білісбеков.
Сонымен қатар, ол комиссия мүшелерінің алдағы міндеттерді сапалы орындауда барлық тиісті шараларды ойдағыдай іске асыратынын айтты.