Алматыда күн панельдерін шығаратын зауыт құрылысы қаржыландырылады

Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы
Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы
Жобаның мақсаты – жаңартылатын энергетиканы дамыту және елдегі күн панельдеріне өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы – «Алматы Финанс» ЖШС Алматы қаласында күн панельдерін шығаратын зауыт салуға 500 млн. теңге бөлді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Almaty Business Development Company» Алматы қаласының бизнесті дамыту компаниясы» ЖШС сүйемелдеуімен инвестициялық жоба «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында іске асырылатын болады.

Ауданы шамамен 2,5 мың шаршы метр болатын кәсіпорын жыл сайын 250 000 күн модулін шығарады. Бір модульдің қуаты 550-600 Ватт болады. Кәсіпорынның іске қосылуы ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Зауытқа кредит беруді «Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы шеңберінде «Altyn Group» ЖШС жүзеге асырады. Кредиттік лимит бойынша сыйақы ставкасы 6%, қаржыландыру мерзімі - 7 жылды құрайды. «Алматы Финанс» қарыз қаражатын ескере отырып, инвестициялардың жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден асады.

Жобаның мақсаты – жаңартылатын энергетиканы дамыту және елдегі күн панельдеріне өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру.

- Жобаны іске асыру барысында қазақстандық жұмысшы және инженерлік-техникалық құрам шетелдік мамандардан технологиялық процес туралы білімдерін арттырады, бұл жергілікті кадрлардың біліктілігін арттыруға және жаңа өндірісте жұмыстарын жалғастыруға қажет білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Кәсіпорында барлығы 87 жұмыс орны ашылады, - деді «Almaty Finance» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Игенов.

Анықтама үшін:

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ – даму институты, мемлекет ресурстары мен бизнес арасындағы көпір. «Алматы» ӘКК қызметі тұрақты жеке кәсіпкерлікті дамыту жағдайында қаланың әлеуметтік, білім беру, мәдени мәселелерін шешуге бағытталған.

«Almaty Finance» ЖШС — кредиттік ұйым, «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ еншілес компаниясы болып табылады. «Almaty Finance» ЖШС Алматыдағы ШОБ субъектілеріне жылдық 2% немесе 6% ставка бойынша жеңілдікті қаржыландыруды ұсынады. Кредит берудің мақсаты – жаңа өндірістер құру және айналым қаражатын толықтыру.  Қарыздың ең жоғары сомасы – 500 млн теңге. Мерзімі – 7 жылға дейін. «Almaty Finance» кредит беру бағдарламасы «Almaty BUSINESS-2025» аясында жүзеге асырылуда.

«Almaty Business Development Company» Алматы қаласының бизнесті дамыту компаниясы» ЖШС - қызметі жеке кәсіпкерлікті дамытуға және қаланың әлеуметтік маңызды міндеттерін шешуге бағытталған ұйым. Отандық және шетелдік кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін «бірыңғай терезе» қағидатын инвестиция тартудан бастап дайын жобаны сүйемелдеуге дейін іске асыратын оператор.

Оқи отырыңыз: Алматыда жыл соңына дейін 54 ескі үйдің тұрғындары жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

Новости партнеров