Алматыда 26 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр

damu.kz
damu.kz
Олардың қатарында 2180 адам көпбалалы ана бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 26 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр. Бүгін бұл туралы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Айбек Сайделдаев онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың қатарында 2180 адам көпбалалы ана, 600-ы жетім балалар, 12 мыңы әлеуметтік осал топтардан, ал 10 мыңға жуығы мемлекеттік қызметкерлер бар. Ал 2020 жылы алып шаһарда 3 мыңға жуық үйді тарату көзделіп отыр. Сондай-ақ, республикалық «Бақытты отбасы» бағдарламасына 1700-ге жуық адамнан өтініш түскенін атап өтті.

«512 адам жолдама алды. Қазіргі таңда банкте 300-ге жуық адам жұмыстарын жалғастырып жатыр. Құжаттарын дәлелдеп, соның ішінде 155-і үйлі болды. Оны атап айтсам, көпбалалы анадан 76 отбасы, толық емес отбасы – 60 және мүгедек баланы асыраушы отбасынан 199 адам үйлі болады», – деді қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Айбек Сайделдаев.

Ал «Алматы жастары» бойынша 188 жас отбасы баспаналы болды. Негізі 8 мыңға жуық өтініш тапсырылған. Оның 3 мыңы бірінші, 5 мыңы екінші тапсырыстан келіп түскен. Банкке 1,5 мыңдай адам жолдама алды. 500-і қазір қарастырылып отыр. Биыл 188 жас отбасы үйлі болды.

«Алматы жастары бағдарламасына тоқталатын болсақ, несие алудың келесі шарттары бар. Несие соммасы - 13 миллион теңге. Үйдің сомасы шектелмеген сіз кез келген өзіңізге қалаған үйді алуыңызға болады. Үйдің бағасы қымбат болған жағдайда қалған айырмасын біздің салымшыларымыз өздері қосып алуына мүмкіндік бар. Пайыздық мөлшерлемесі - 5 пайыз. Алғашқы жарнасы 10 пайызбен», – деді «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің» Алматы қаласы бойынша директорының орынбасары Данагүл Түсіпова.

Новости партнеров