|
04.11.2020 | 17:50
3250

Алматыда ЖҚЖК аясында Әуезов ауданында қандай 39 жоба жүзеге асырылды

Іске асырылған жобалар қандай?

Алматыда ЖҚЖК аясында Әуезов ауданында қандай 39 жоба жүзеге асырылды Almaty.tv

Алматыда халықты жұмыспен қамту бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Ренат Кенеев ағымдағы көрсеткіштер жайлы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы әзірленді, ол қосымша жұмыс орындарын құруға, әлеуметтік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту және аумақтарды абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды», – деп атап өтті ол.

Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша ЖҚЖК аясында іскерлік белсенділікті және жұмыспен қамтуды қысқа мерзімде қолдау үшін 44 жоба анықталды, оның ішінде 39 жоба жүзеге асырылды, бизнесті ынталандырудан басқа, бұл жаңа 3 435 жұмыс орнын құруды қамтамасыз етті.

Іске асырылған жобалардан:

- 9 саябақ (7, 12 шағын аудандарда, Сайын көшесі бойымен Ұлықбек көшесінің солтүстігіне қарай, Райымбек даңғылы, Жандосов көшесі бойында, ХҚКО жанында, Жұбанов көшесі бойынша, Сарыарқа гүлзары және 6 ш / а.);

- Криминогендік сипаттағы жағдайлары бар бос жатқан 5 учаске (Яссауи көшесі мен Шаляпин к-сі қиылысы, Достық ш.а, Сайын-Райымбек к-сі, 10 ш / а, Яссауи көшесі, Шаляпин көшесінің оңтүстігіне қарай);

– 8 бос учаскелерді абаттандыру (Жандосов - Сайын, Шаляпин – сСйын, Жандосов – Дәуленов, Шаляпин - Яссауи, Жандосов – Береговой, Момышұлы-Жұбанов, Сайын-Төле би, Береговой-Ю. Ким);

- Үлкен Алматы өзені бойындағы жағалау аймақтары абаттандырылды, сондай-ақ Н.Сац атындағы театрдың оңтүстік жағындағы субұрқақ жөнделді.

– шу оқшаулау бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды, бұдан басқа Сайын-Райымбек көлік айрығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, ауданның бас көшелерінің 10 қиылысы брусчаткалармен жайластырылды және Сайран көліне түсетін саты жөнделіп, жарық тартылды;

- бағдарлама аясында ауданның Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының ғимараты және Сайын көшесіндегі 14-ші үйдің қасбеті жөнделді, 8-ші шағын ауданындағы жаяу жүргіншілер аймағына бейнебақылау камералары орнатылды, сондай-ақ «Тау Самал» ТК сыртқы жарығына ағымдағы жөндеу жүргізілді»;

- 30 балабақшада  жөндеу жұмыстары аяқталды.

«Қалған 5 жоба: аулалар, сәнсәулелік жарықтандыру, арықтар, өтпелі жолдар бойынша жұмыстарды қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда», – деп толықтырды Ренат Кенеев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир