|
14.09.2023 | 17:51
2755

Алматы қаласының туған күні қалай тойланады

Қала күнінде өтетін іс-шаралар тізімі жарияланды

Алматы қаласының туған күні қалай тойланады Пресс-служба акимата Алматы

Қала күнін қалай көңілді өткізуге болады: демалыс күндері алматылықтар спорттық іс-шараларға, концерттер мен сайыстарға қатыса алады, деп хабарлайды Almaty.tv.

2023 жылғы 16-17 қыркүйекте Алматы қаласының аудандарында бұқаралық спорт іс-шаралары өтеді: «Almaty Urban Fest 2023», ұлттық спорт түрлерінің фестивалі, бәйге мен веложарыс болады.

«Almaty Urban Fest 2023» қалалық және экстремалды спорт түрлерінің фестивалі екі күн бойы 2 алаңда өтеді. Бірінші күн іріктеу, жексенбіде үлкен финал және жеңімпаздарды марапаттау. Халық Арена аумағында воркаут, чирлидинг, көше биі, армреслинг, роуп-джамп, гір көтеру және стритболдан жарыстар өтсе, скейтбординг, роликтер, скутерлер мен BMX трюктері бойынша жарыстар орталық мәдениет саябағында өтеді.

Шараға кәсіпқой спортшылар және әуесқойлар қатыса алады. Жеңімпаздар медальдар, дипломдар, бағалы сыйлықтар мен сертификаттармен марапатталады.

Спорттың 11 түрі бойынша жалпы ақшалай жүлде қоры – 6 120 000 теңге. 

Фестиваль аясында кәсіби диджейдің, рэп-баттлдың, сондай-ақ фестивальдің хедлайнері Нұрболат Қанайдың концерттік бағдарламасын тамашалай алады.

Ал 16-17 қыркүйекте Арбатта армрестлинг, тоғызқұмалақ, бұқа тарту, асық ату және салмақ көтеру сияқты ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтеді. Жеңімпаздарды естелік сыйлықтар күтеді.

16 қыркүйекте Алматы ипподромында бәйгеден іріктеу турнирі өтеді. Алматылық шабандоздар Құнан, Топ - бәйге және Аламан бәйгеде жалпы жүлде қоры 20 900 000 теңге үшін бақ сынайды. Бұл турнир 7 қазанға жоспарланған финалға іріктеу кезеңі. Іс-шара қонақтарын Асылбек Ергепов пен Ерболат Құдайбергеннің орындауындағы түрлі концерттік-ойын-сауық бағдарламасы, фуд-аймақ, сондай-ақ бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны күтеді.

17 қыркүйек күні таңертең жалпы қалалық веложарыс өтеді, оған қала мен республиканың атақты велошабандоздары мен спортшылары қатысады. Сондай-ақ аталған іс-шараға Алматы қаласының әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алады. Веложарыс «Нұрлы тау» көпфункционалды орталығынан басталып, қатысушылар әл-Фараби даңғылының бойымен жүріп, «Тұңғыш Президент саябағында» мәреге жетеді.

Сонымен қатар 17 қыркүйек күні Тұңғыш Президент саябағында жыл сайынғы «Алма fest» мерекелік іс-шарасы жалғасады, оның аясында алма жәрмеңкесі, концерттік бағдарлама және көптеген іс-шаралар: зумба, йога және скандинавиялық серуендеу бойынша жаттығулар ұйымдастырылады.

Оқи отырыңыз: Декларацияны тапсыру мерзімі қашан аяқталады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир